Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 1830 0 пікір 30 Мамыр, 2022 сағат 14:02

Орыс мұнайына эмбарго: ЕО келісімге келе алмады

Еуроодаққа мүше елдер ұйымның 30 мамырда басталатын саммиті алдында орыс мұнайына толық эмбарго кіргізу (тыйым салу) бойынша келісімге келе алмады. Бұл туралы  Reuters агенттігі жазды.

Сонымен бірге басылым ЕО шенеуніктерінің біріне сілтеме жасап, бұл мәселе бойынша дүйсенбі күні талқылау жоспарланып жатқанын жеткізді.

Ақпаратқа қарағанда, Еуроодақ елдері жыл соңына дейін орыс мұнайын теңіз арқылы алуға тыйым салуды қарастырып жатыр. Сонымен бірге Венгрияны, Словакияны және Чехияны мұнаймен қамтамасыз етіп келген "Дружба" құбыры арқылы жеткізуді бұрынғыдай қалдыру ұсынылған.

Жексенбі күні Bloomberg және Politico агенттіктері Еуроодақ 30 мамырда басталатын саммит алдында орыс мұнайына толық эмбарго кіргізу орнына баламалы ұсыныс жасап шыққанын хабарлаған.

Еуроодақ бір айдан бері Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты Мәскеуге қарсы санкциялардың алты пакеті бойынша келісімге келе алмай келеді. Бұған негізінен Будапешт ұстанымы жол бермей жатыр. Венгрия орыс мұнайын алмаса, экономикасы зардап шегетінін айтып, эмбаргоға қарсы болып жатыр.

Қазтай Жанерке Жандосқызы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282