Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
3112 0 пікір 30 Мамыр, 2022 сағат 14:12

Қазақстан мұнай экспортын қалпына келтірді

Каспий құбыр желісі консорциумының (КТК) мұнай айдау мүмкіндігі қалпына келді, қазақстандық мұнайды қабылдау бұрынғыша толық жүзеге асып жатыр.

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов КТК бас директоры Николай Горбанмен кездесуден соң осылай деп мәлімдеді.

"КТК-ның теңіз терминалындағы зақымданған құрылғылар жөнделгеніне қуаныштымыз. Кедергі жойылып, енді Қазақстан мұнай өндіру қуатын толық қалпына келтіреді", - деп мәлімдеді Әлихан Смайылов.

Қазақстанның Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған ірі кен орындарында өндірілген мұнай КТК арқылы экспортталады. Қазақстан үкіметінің мәліметінше, 2021 жылы осы құбырмен 53,1 миллион тонна, ал биылғы қаңтар-сәуір айларында 18,7 миллион тонна қазақ мұнайы тасылды.

Биыл наурызда Новороссийск түбіндегі портта КТК-ның жағалаудағы екі құрылғысы істен шығып, мұнай айдау көрсеткіші шектелді. КТК арқылы ағатын мұнайдың шамамен 90 пайызы Қазақстаннан келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1330
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2904
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 987
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 917