Жұма, 22 Қараша 2024
2326 1 пікір 30 Мамыр, 2022 сағат 14:18

Алматыда жаңа екі метро бекеті ашылды

Бүгін Алматы қаласында «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро бекеттері ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бекеттерді іске қосудың салтанатты рәсімінде қала әкімі Ерболат Досаев метрополитен құрылысшылары мен қызметкерлеріне ерен еңбектері мен қаланың қоғамдық көлігін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

- Бұл қала мен тұрғындар үшін өте маңызды оқиға деп санаймын. Мәселе біз күтіп отырған жолаушылар ағынының 50 мыңнан 85 мыңға дейін өсуінде ғана емес. Қала барынша жайлы болады, бәрімізді толғандыратын трафик, экологияны жақсарту мәселелерін шешеміз, – деді Ерболат Досаев.

«Бауыржан Момышұлы» метро мекетінің ашылуына қатысқан батырдың келіні Зейнеп Ахметова да ерекше толқу үстінде тұрғанын айтып, ел қаһарманының есімі мәңгі өшпейтіні туралы пікір білдірді.

- Ата-марқұм бірде «Мен о дүниелік болсам да, бұл дүниеден өтсем де, тірілердің арасында жүрем» деген еді. Сол кезде ол сөз маған біртүрлі болып естілген. Енді қарап тұрсаңыз, әулие сөзі сияқты қалды. Енді қараңыздар, бүгін қанша адамдардың көңілінде, тіл ұшында атаның аты айтылып жатыр. Атамыз өмірден кеткеніне 40 жыл болды, бірақ әлі күнге дейін халық әлі ардақтап, құрметтеп, аспандатып, көшелердің атын, мектептердің атын беріп жүр. Бүгінгі шара да атамыз әлі тірілердің арасында жүретінінің бір белгісі, – деді Зейнеп Ахметова.

Бір қызығы, ол осы уақытқа дейін Алматыда метро ашылғалы бері онымен жүріп көрмеген болып шықты. Әйгілі батырдың есімі берілгеннен кейін ғана метроға бірінші рет аяқ басып тұрған сәті екен.

Айта кетсек, «Сарыарқа» метро станциясы Әуезов ауданы, Абай даңғылы мен Алтынсарин даңғылының қиылысында, батысқа қарай орналасқан. Ал «Бауыржан Момышұлы» бекеті Әуезов ауданы, Абай даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысына жайғасты. Жаңа метро станциялары арқылы тәулігіне 86 мың адам қатынай алады.

Әкімдіктің мәліметінше, қалада метро желісін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жалғасады. 2025 жылы «Қалқаман» станциясының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Метро желісін дамыту батыс бағытта «Барлық» базарына дейін ұлғаяды. Бұл аудандар тұрғындары үшін ыңғайлы жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін қала әкімдігі бекеттердің ашылуы маусым айына жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Дереккөзі: halyq-uni.kz

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292