Жұма, 22 Қараша 2024
2977 1 пікір 31 Мамыр, 2022 сағат 14:42

Германия үкіметі қорғанысқа 100 млрд еуро бөледі

«Германияның билеуші коалициясы мен оппозициясы армияны жаңарту үшін жүз миллиард еуро бөлу туралы келісімге келді. Ол үшін Германияда арнайы қор құрылады, оның ішінде ең жаңа қару-жарақ тапсырысы қаржыландырылады»,-деп жазды Euronews.

«Негізгі мақсат — неміс армиясының қорғаныс қабілетін арттыру арқылы елдің бостандығы мен демократиясын қорғау»,- дейді Германия канцлері Олаф Шольц.

Ол ақпан айының соңында  Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін қорғаныс шығындарының өскенін айтты. Содан кейін Олаф Шольц «неміс билігі бундесверге ұлттық ЖІӨ- нің 2 пайыздан  астамын инвестициялайды», деп уәде берді. Бұл НАТО-ның барлық елдеріндегі талап болып саналады. Германия үкіметі биыл мемлекеттік бюджеттен жүз миллиард еуро бөлуге дайын.

Арнайы қорды қосымша кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарлануда. Бірақ Германияның Негізгі Заңы бюджеттен көп ақша жұмсауға тыйым салады. Сондықтан Германия Конституциясына өзгерістер енгізілуі керек. Конституцияға өзгерістер енгізу үшін Бундестаг пен Бундесрат депутаттарының үштен екісінің қолдауы қажет. Билеуші коалиция оппозициялық дауыстарсыз түзетулерді қабылдай алмайды.

Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Германия армияны 1990 жылы шамамен 500 мың адамнан 200 мыңға дейін қысқартты. Өткен жылдың желтоқсан айындағы есепке сәйкес, елдегі әскери кемелердің 30% - дан азы іске жарамды екен.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300