Жұма, 22 Қараша 2024
2913 1 пікір 31 Мамыр, 2022 сағат 14:56

Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа жетті

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа жетті, деп хабарлайды Abai.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралады.

«Биылғы жылдың 26 мамырында Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесінің 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түсті», -деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын Бақытгүл Хаменоваға қамауға алынған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдегендей, Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы пара алу күдігіне ілінген. Күдіктілер Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алған.

Осыған байланысты Атырау облысының арнайы тергеу соты уақытша ұстау изоляторында отырған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы санкция берді. Кейін ол тергеу изоляторына қамалды.

Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен (көп мөлшерде пара алу) тергелді.

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін 2020 жылғы 13 наурызда тағайындалған.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290