Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
3255 0 пікір 7 Маусым, 2022 сағат 14:00

Қостанайдың шенділері адам сатумен айналыса ма?

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауына қарағанда, осынау өте пайдалы іс жақсы жолға қойылған секілді.

Сыбайлас жеморлыққа қарсы күрес агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «облыс әкімдігінің халықты еңбекпен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарлама басқармасының» лауазымды адамдарына қатысты адамдарды саудалау фактісі бойынша сот алдындағы тексеру ісін бастады.

Бұлар облыстың әлеуметтік мекемесінің бірінде мемлекет қамқорлығындағы еңбекке қабілетсіз М. деген әйел адамды Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке меншік пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде заңсыз беріп жіберген көрінеді.

Департаменттен түскен деректерге қарағанда әлгі шенеуніктердің бірі үй қамаққа алынған көрінеді.

Жайберген Болатов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1235
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2761
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 889
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837