Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
4227 3 пікір 10 Маусым, 2022 сағат 14:45

Қант неге қымбат?

Қазақстандағы қант бағасының өсуі оның әлемдік нарықтағы құнына байланысты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

“Мәселен, құрақ қанттың бағасы Лондонның биржасында, ал қанттың бағасы болса Нью-Йорк биржасында анықталады. Қанттың құны биржадағы саудаға тікелей байланысты. Бағаның өсуі - әлемдік үрдіс болып тұр. Сол үшін, біздегі баға да өсті”, - деді ол.

Статистика бойынша соңғы бір жыл ішінде Қазақстанда қанттың бағасы 60,5%-ға өскен.

2012 жылы елімізге шетелден 506,9 миллион тонна қант пен шикі қант әкелінсе, оның ішінде 275,8 миллион тоннасы Ресейден импортталған.

Ресей Украинаға соғыс ашқан соң, Батыс елдерінің санкциясының астында қалды. Сол себептен, Ресей сатылымға шығаратын азық-түліктердің кейбір түрлерін және қантты эспорттауды шектеді. Осының әсерінен еліміздің көптеген өңірінде қанттың бағасы шарықтап кетті.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2922
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1000
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 933