Сенбі, 23 Қараша 2024
2600 4 пікір 10 Маусым, 2022 сағат 15:02

Халықаралық ұйым Жанболат Мамайды босатуды сұрады

Freedom House халықаралық ұйымы Қазақстан билігінен саясаткер Жанболат Мамайды босатуды сұрады.

«Freedom House ұйымы Жанболат Мамайға қаңтарда өткен бейбіт наразылық акциясы үшін жаңа айыптар тағылып, Қазақстан үкіметінің елдегі негізгі құқықтарды құрметтейтін «жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі міндеттемесіне күмән келтіретініне алаңдайды. 8 маусымда Жанболат Мамай қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін өзіне тағылған «жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды» және «жалған ақпарат таратты» деген айыптарды жоққа шығарды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ , халықаралық ұйым Мамайға тағылған айыптардың барлығын алып тастауды сұраған.

«Егер кінәлі деп танылса, Мамай өз құқығын пайдаланғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Freedom House ұйымы Мамайды босатуға (егер ол әлі қамауда болса) және оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырады», - деп хабарлады ұйым.

Айта кетейік, Жанболат Мамай биылғы 26 ақпаннан бері қамауда жатыр. 6  мамырда сот оның қамау мерзімін 12 маусымға дейін ұзартқан. 8 маусымда Мамайдың тергеу изоляторынан жазған хаты әлеуметтік желіда жарияланды. Онда белсенді өзіне қосымша тағы екі айыптың тағылғанын айтқан.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445