Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2891 0 пікір 13 Маусым, 2022 сағат 15:19

Жарық пен отынның бағасы қымбаттайды

Елімізде сұйытылған газ, электр қуаты мен көмірдің бағасы өседі. Энергетика министрлігі жарық пен отынның жаңа бағасын ұсынып отыр. Бұл құжат 24 маусымға дейін ашық талқыланады. Бул туралы "Aibat" жаңалықтар қызметі хабарлады.

Ішкі нарықтағы сұйытылған газдың шикі бағасы 2022 жылғы 1 шілдесінен 2023 жылдың 30 маусымын қоса алғандағы кезеңде 1 тоннасы үшін 33 600 теңге мөлшерінде бекітілмек. Қазір сұйытылған газ бағасының шекті мөлшері 28 000 теңгені құрайды.

Электр энергиясын өндіруші 26 ұйым шекті тарифті өзгерту бойынша өтінім жасаған. Осыған байланысты 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап бағаның өсуі болжанып отыр. Бірақ нақты сомасы айтылмады.

Сондай-ақ жыл соңына дейін “Богатырь Көмір” ЖШС-да көмір бағасы 30 пайызға өсуі мүмкін.

Еске сала кетейік, 6 қаңтарда үкімет газдың шекті бағасына қатысты 180 күндік мораторий жариялаған болатын. Бұл шектеу келесі айда бітеді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2055
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4915
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113