Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
2708 0 пікір 14 Маусым, 2022 сағат 12:41

Қырғыз-тәжік тағы атысты

Қырғызстан мен Тәжікстан арасында тағы қақтығыс болды. 14 маусымда мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде шекарашылар арасында атыс болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы дерек жоқ. 

Қырғызстан тарапының хабарлауынша, таңертең Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында Тәжікстан жағынан «Бұлақ-Башы» шекара заставасы бағытына оқ атылған. Бұған жауап ретінде қырғыз тарапы да тәжік бекеті бағытында оқ атқан.

Тәжікстан билігі қырғыз шекарашылары «Кех» заставасына минометтерден оқ жаудырғанын, бұған тәжік тарапы жауап қайтаруға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Атыс әзірге тоқтады. Тараптар арасындағы шекара маңындағы жанжалдың ушыққанына бір жылдан асты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2989
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 992