"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы - жаңа цифрлық шешім
"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы - жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған, бұл жаңадан тіркелген кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті.
Мобильді қосымшаның функционалы:
1) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;
2) кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;
3) қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;
4) салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге;
5) жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;
6) оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан);
7) кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді.
Одан бөлек, «E-Salyq Business»-те ыңғайлы сервистер әзірленуде. Олардың көмегімен салық органдарының жіберген хабарламасын алуға; бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге; артық не қате төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар анықтамаларды да алу мүмкіндігі бар. Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, оның және оның жұмысшыларының табысы туралы анықтамаларды ала аласыз. Бұлардың барлығы талап етілген жерге ұсынуға арналған.
Осылайша, мобильді қосымшада жеке кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың барлық өмірлік циклі қарастырылған.
Ағымдағы жылы «E-Salyq Business» қосымшасын алдағы уақытта фермерлер мен шаруа қожалықтары да пайдаланатындай етіп, функционалын кеңейту жоспарланып отыр.
Уақытты үнемдеңіз, "E-Salyq Business" мобильді қосымшасын жүктеңіз!
Тургаев Т.К.
Abai.kz