Тоқаевты Си Жиң Пиң шақырып жатыр
![](https://abai.kz/content/uploads/2022/06/de2723540ab76de70144cca5b983ef5c.jpg)
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің БРИКС+ форматындағы келіссөздерге қатысуға шақыруын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"21 маусымда Мемлекет басшысы Ақорда резиденциясында Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және танымал отандық шахматшылармен кездесу өткізеді. 23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады. 24 маусымда Президент ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруы бойынша бейнеконференция байланысы режимінде жаһандық даму бойынша жоғары деңгейдегі диалогта БРИКС+ форматында сөз сөйлейді", - деп хабарлады Ақордада дүйсенбіде Тоқаевтың қатысуымен алдағы аптада өтетін іс-шаралар жөнінде.
БРИКС-бес мемлекеттің тобы: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка.
Abai.kz