Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
2912 0 пікір 23 Маусым, 2022 сағат 14:50

ҰҚК төрағасының экс-орынбасары ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-қытай шекарасы бекеттерінде билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу барысында ҰҚҚ төрағасының экс-орынбасары, шекара қызметінің директоры болған генерал-лейтенант Дархан Ділмановтың ұсталғанын хабарлады.

Бұған қоса, шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Нұрман Арысбаев және тағы бірнеше адам да ұсталған. Күдікке ілінгендердің бәрі уақытша тергеу изоляторына қамалды.

ҰҚК "тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жарияланбайтынын" айтты. Ділманов биыл сәуірде ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры қызметінен босатылған еді. Ол 1998 жылдан бері ҰҚК шекара қызметіне жұмыс істеп, 2015 жылы маусымда шекара қызметіне директор болып тағайындалған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасынан кейін қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттерінде контрабанда мен жемқорлық мәселесіне назар аударып, оны жоюды тапсырды. Осыдан соң елде Қытаймен шекарадағы кедендерге қатысты тексеріс басталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1199
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2725
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 852
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 810