Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3104 11 пікір 27 Маусым, 2022 сағат 12:21

Назарбаев мұнайдың ақшасын халыққа емес кланға жіберді

Мәскеуге (Путинмен кездесуге) Назарбаев 110 миллион доллар тұратын жеке ұшақпен барып, және де бір түні 18 мың доллар тұратын Ритц Карлтон қонақ үйінде демалыпты. Ол бір пәтерге немесе жүздеген адамның зейнетақысына тең. Осы ақшаны Назарбаев бір күнде шашып тастады.

Халық тамаққа ақша таба алмай отырса, Назарбаев байлықта малынып жүр.
Қонаев атамыз жұмысқа жаяу (күзетсіз) барған деседі. Ал Назарбаевтың аты-шулы (бұрынғы сантехник) інісі 4 миллион долларлық Бугатти көлігімен жүреді. Болат Назарбаев (президент) ағам көмек бермеді деп қояды. Онда қалай оның баласы отыз жасында генерал шенін иеленіп, ал қызы судья ретінде ең үлкен дәрежедегі орден алған? Назарбаев әулеті бізді (осылай) отыз жыл бойы ақымақ деп санап келді ғой.

Мұнайдан түскен пайда арқылы норвегиялық патша Олаф әр отандасын 200 мың доллармен қамтамасыз етті, бірақ өзі автобуспен жүретін-ді. Бір контроллер оны танып қалып, қасынан көрінбей өтпекші болады. Бірақ ол патшалық артықшылығынан бас тартқан және билетке ақша төлеген. Ол - тәрбие. Назарбаев өзі отбасымен бірге қазба байлығымыз арқылы миллиардер болды, ал халықтың жартысын 50 мың тенге жалақымен отырғызып, мемлекетке 160 миллиард доллар қарызды қалдырып кетті. Ал билік бас қала мен көптеген көшелерді соның атынан қойып, біраз жерге ескерткіштерін орнатты.

Олафтың баласы Норвегияның келесі патшасы болды. Ал ол балаларын қарапайым мектепке оқуға берді, ал өзі ауырып қалса, елмен бірге жалпы палатада жатқан. Ал бізде Тоқаевтың 30 мың долларлық сағатпен жүретін көмекшісі арнайы емханада жеке палатаға жатады.

Пекинде Норвегия ең көп алтын медаль алды, өйткені мұнайдан түскен ақша медицина, спорт және білімге жұмсалған. Осы салалар Норвегияда тегін. Бізде 10% болса, ал Норвегияда халықтың жартысы спортпен шұғылданады. Сол себептен қылмыс, арақ және нашақорлық төмен деңгейде. Назарбаев болса, мұнайдың ақшасын халыққа емес кланға жіберген. Сол себептен бізде оқу және медицина ақылы және операция мен бір жылдық оқу миллион тұрады, ал спортпен айналысу ақшасыз болмайды.

Назарбаевтың билігі кетті, орнына жаңа адамдар келді деп жатыр. Олар кімдер (сонда)? Қарағандының әкімі 5 мың доллар тұратын сағат тағады, мемлекеттік жұмыс агенттілігінің бастығы 4 мың долларлық сөмкемен жүреді. Осындай менталитеттен арылмаған шенеуніктер халық туралы қалай ойлайды? Жақында білім саласында жаңа министр қызметке келді (оның балалары шетелде оқиды екен). Ол біздің білімге сенбесе, оны қалай көтермекші?

Ержан Орымбетов

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622