Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының аты берілді
Қостанай қаласының халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының аты берілді. Бұл туралы Әділет министрлігі сайтында Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қаулысы шықты. Бұған дейін бастаманы әуежай қызметкерлері көтеріп, оны депутаттар қолдаған.
Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы Торғай облысында дүниеге келген. Ол қазақтың ағартушысы ғалымы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист.
Айта кетейік, 9 мамырда ғарышкер Тоқтар Әубәкіров Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық әуежайдың атын ауыстыру туралы ұсыныс білдірген. Ол қазір экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын әуежайға Кеңес Одағының батыры Талғат Бегилдиновтың атын беру керек екенін айтқан болатын.
Жақында осындай ұсыныспен әуежайдың жанында орналасқан Майбалық ауылының тұрғындары да бейнеүндеу жариялады.
Abai.kz