НАТО жедел әрекет ету топтарының санын арттырады
![](https://abai.kz/content/uploads/2022/06/44ad22edbf01caae9ad9db13d3c9d.jpeg)
НАТО жедел әрекет ету күшінің санын 300 мың адамнан арттырады деп хабарлайды Америка дауысы Солтүстік альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергтің сөздеріне сілтеме жасап.
"Біз НАТО-ның жедел әрекет ету күшінің құрылымын қайта қарап, адам санын 300 мыңнан көбейтеміз", – деген ол.
Столтенбергтің сөзінше, 28-30 маусымда өтетін Мадрид саммитінде одақтастар қауіпсіздікке байланысты жаңа стратегиялық тұжырымдама қабылдамақ. Сонымен бірге құжатта бірінші рет Қытайдан келетін қауіп-қатер жайлы да айтылмақ.
НАТО-ның жедел әрекет ету күші – бұл құрлық, әуе және теңіз күштерінен тұратын әскери құрылым. Қазір бұл құрылымда шамамен 40 мың сарбаз бар.
Abai.kz