Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3273 3 пікір 30 Маусым, 2022 сағат 14:44

Қазақстан бірнеше елге бітімгерлік күштерін жібереді

Парламент Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия, Конго, Мали және Ливандағы БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысын мақұлдады. 

"Конституцияның 53-бабы 5-тармағына сәйкес БҰҰ-ның Орталық Африка Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі көпбейінді кешенді миссиясына, БҰҰ-ның Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі миссиясына, БҰҰ-ның Малидегі тұрақтандыру жөніндегі көпбейінді кешенді миссиясына, БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің миссиясына қатысу үшін шамамен 430 әскери қызметшіні Қарулы Күштердің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсыныс енгіземін" - деді Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Қорғаныс министрлігінің басшысы Қазақстанның штабтық офицерлер және әскери бақылаушылар ретінде жекелеген әскери қызметшілерді, сондай-ақ БҰҰ миссияларына барынша сұранысқа ие жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік әскери полиция бөлімшелерін бөлуге дайын екенін атап өтті.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036