Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3170 4 пікір 30 Маусым, 2022 сағат 16:01

"1,5 миллион гектар жер 30 адамның меншігінде"

Мәжіліс депутаты Зәкіржан Күзиев Алматы облысындағы 1,5 миллион гектар жер 30 адамның меншігінде екенін мәлімдеді. Ол Кеген, Нарынқол аймағын аралағанда осындай әділетсіздікке куә болғанын айтады.

"Біз Кеген, Нарынқол қалаларын араладық. Осы мәселеге байланысты бүгін депутаттық сауал жолдадық. Мысалы, Нарынқолда  415 мың гектар жер 20 адамға тиесілі. Кегенде 512 мың гектар жерге 11 адам қожалық етеді. Ал Ұйғыр ауданындағы жабайы табиғи алқаптың 97% - ын алты адам иемденген. Жалға алып отыр десек, бұл 415 мың шақырым жерді қамтиды», - деді Күзиев.

Депутат жер иеленушілер жергілікті халықтың ауылшаруашылығымен айналысуына кедергі болып отырғанын айтты.

"Бұл адамдар бүкіл аумақты жаулап алды, жергілікті тұрғындар жазда не мал жая алмайды не шөп ора алмайды. Бүкіл жер жабық, қоршалып тұр. Жердің иелері бұл өңірде тұрмайды, олар елордада, Алматыда, болмаса Талдықорғанда тұрады. Сондықтан біз экология, геология және табиғи ресурстар министріне жолдаған депутаттық сауалымызда мемлекеттің жерді жекеменшікке бергенде қандай пайдаға кенелгенін анықтап беруді сұрадық. Жаңа айтқанымыздай, бұл жер тек үш ауданға тиесілі аумақ. Үшеуін қосқанда 1,5 миллион гектар жер. Бүкіл Қазақстанның ауқымымен қарайтын болсақ, 10-15 миллион гектар жердің тек 50-60 адамның қолында болуы да мүмкін. Солай болып шықса, таңғалмаймын. Біз әділетті Қазақстан туралы айтып жүрміз. Ендеше, осы біз айтқан мәселені әділ шешу керек»,- деді депутат.

Ол нақты кімдердің жерді меншіктеп отырғанын айтпады.

«Менің қолымда ресми дерек болмаған соң, нақты адамның атын айта алмаймын. Бірақ жерді 15-20 жылдан бері меншіктеп отырғандар бар»,-деді Күзиев. Ол құзырлы органдардың осы мәселемен айналысатынына сенім білдірді.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036