Жұма, 22 Қараша 2024
2226 0 пікір 1 Шілде, 2022 сағат 13:37

68,4 млн доллар: Каримованың пентхаусы сатылды

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримова мен оның серіктеріне қатысы бар делінген Гонконгтағы The Arch деп аталатын пентхаус 68,4 миллион долларға сатылған. Бұл туралы Газета.уз сайты канадалық The Globe and Mail басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, пентхаусты 2008 жылы Гүлнара Каримоваға байланысы бар екені айтылып жүрген Zeromax компаниясы 36,5 миллион долларға сатып алған. Үш айдан кейін ол Rudolph Alliance атты офшор компанияға арзандатылған бағаға қайта сатылған. Аталған компанияның негізін қалаушы қатарында Каримованың бұрынғы күйеуі Рустам Мадумаров басқаратын Гонконгтағы Expoline компаниясы көрсетілген.

The Globe and Mail басылымының жазуынша, бірнеше елде жүрген тергеу істері де, Гүлнара Каримованың 2013 жылы сотталуы да, ірі көлемдегі қаржы қозғалысын тоқтатқан емес. 2016 жылы The Arch пентхаусына иелік еткен және Рустам Мадумаров бақылауындағы компания оны 68,4 млн долларға қайта сатқан.

Осыған дейін Гүлнара Каримованың женевалық адвокаты Грегуар Манжа "Каримованың Zeromax компаниясына қатысы бар екенін теріске шығарып келген. 2015 жылы өзбек соты Гүлнара Каримованың бас бостандығын бес жылға айыратын үкім шығарған. Бірақ 2019 жылы ол абактыға ауыстырылды.

2020 жылдың наурызында Каримова "Мемлекет қаражатын талан-таражға салу", "Өзбекстан мүддесіне сәйкес келмейтін келісімдер құру" және "Өзгенің мүлкін иелену"баптары бойынша айыпты деп танылып, 13 жыл 4 айға сотталған.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5267