Жұма, 27 Желтоқсан 2024
2220 1 пікір 1 Шілде, 2022 сағат 13:44

Қырғызстан казиноны заңдастырды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров казиноны шетелдіктер үшін ашуға рұқсат беретін заңға қол қойды.

30 маусымда мемлекет басшысының сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, қол қойылған екі заң ресми түрде "Қырғыз Республикасындағы ойын ісі жөнінде" және "Ойын ісі мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде" деп аталады.

Түсіндірмеде заң инвестициялар тарту үшін мемлекеттік бюджетке қосымша ресурстаралып келу үшін жазылғаны айтылады.

Казиноны білім беру, медициналық және діни мекемелері ғимаратында ашуға болмады. Ойынханаларға қырғыз азаматтары, жасы 21-ге толмаған және жұмысқа жарамсыз шетел азаматтары кіре алмайды.

Ойынхананың бір ойын үстелі (1 флот) үшін салық өлшемі 2022 жылы 750 мың сом, 2023жылы бир миллион, 2024 жылдан бастап 1 млн 250 мың сом болып белгіленген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052