Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2619 1 пікір 5 Шілде, 2022 сағат 14:17

Алакөлде төрт демалыс орны өртенді

Абай облысы Үржар ауданындағы Алакөл көлі жағасында өрт шығып, төрт демалыс орны отқа оранды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға 4 шілдеде сағат 23.20 шамасында болған. Демалыс базасы өртеніп, қатты желден көршілес демалыс орнын да өрт шарпыған. Отқа оранған аумақ шамамен 1 мың шаршы метрді қамтиды

Көлдің жағалауындағы өрт 5 шілдеде 05 сағат 40 минутта сөндірілді. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"Өрт шамамен 3000 шаршы метр аумақты шарпып, төрт демалыс базасы зардап шекті. Өрт орнында ЖАО, ШҚО ТЖД, ПД, Тарбағатай ұлттық паркі және Алматы облысы ТЖД 186 адам мен 29 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт бірден бір ағаш үйден екіншісіне тарала бастады. Өрт сөндірушілердің және өртті сөндіруге атсалысқан жергілікті тұрғындардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөнді. 7 адам медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін және алғашқы көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екендігін анықталды", - деді департамент.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006