Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1266 0 пікір 17 Маусым, 2022 сағат 12:48

Медеу ауданында білім ошақтары жөндеуден өтуде

Қазақстан білім саласына көңіл бөлуді арттыруда. Балабақшадағы білім беру мен мектептегі білім беру жүйесі, білім беру мекемесінің сапасы мен саны, заманауи талапқа сайлығы мемлекеттің келешектегі дамуына тікелей әсер ететін факторлар болып табылады. Қазақстан республикасы болашақтың негізін бүгінгі күннің әрекетімен қалайтынын жақсы түсінеді, сондықтан да білім беру мекемелерінің саны мен сапасына көңіл бөлуде. Алматы қаласында жаңа білім беру ошақтары ашылып, бұрынғы мектеп пен балабақшаларға кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді. 

Медеу ауданының мектептері мен балабақшаларында 4,5 мың орын жетіспейді. Медеу ауданында жеке инвесторлар есебінен 357 орындық 7 балабақша ашылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты.

«Қала орталығындағы және Думан шағынауданындағы мектептерде орын тапшылығы сезіледі. Қазір 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. №48 мектепті жөндеу жұмысы жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бұл ретте жоғары сыныптар 1 қыркүйектен бастап мектепке оралады. Кіші сыныптар жыл соңына дейін жақын маңдағы басқа мектептерде уақытша орналастырылады. № 131 лицейді сейсмикалық күшейту келесі жылдың тамыз айында аяқталады.

№4 мектеп ғимаратына 600 орындық қосымша құрылыс салу мәселесі пысықталуда. Бұл жерде ЖСҚ әзірлеу, құрылысты 2024 жылы аяқтай отырып, жерді сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

3 балабақшада күрделі жөндеу аяқталды. Сондай-ақ, жеке инвесторлар есебінен 357 орындық 7 балабақша ашылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Жыл соңына дейін 200 орынды тағы 5 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда», – деді қала әкімі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435