Ұлттық компания басшылары 2,9 млрд теңге сыйақы алған
![](https://abai.kz/content/uploads/2022/07/1614240688_tengemilliard.png)
Ұлттық компаниялардың 102 басқарма басшысы 2020 жылы сыйақы ретінде 2,9 млрд теңге алған. Бұл туралы Zertteu Research Institute қоғамдық қоры хабарлады.
1. «Қазатомөнеркәсіп» АҚ 9 басшысына 1 миллиард 58 миллион теңге сыйақы берілген;
2. «Qazaqgaz» АҚ компаниясы 11 қызметкерге 529 миллион теңге сыйақы берілген;
3. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның 8 қызметкерге 391 миллион теңге сыйақы берілген;
4. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы 5 қызметкерге 187 миллион теңге сыйақы берілген;
5. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ 8 қызметкерге 135 миллион теңге сыйақы берілген;
6. Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ 7 қызметкерге 111 миллион теңге сыйақы берілген;
7. "Қазпошта" АҚ 8 қызметкерге 100 миллион теңге сыйақы берілген;
8. "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ 7 қызметкерге 97 миллион теңге сыйақы берілген;
9. QazExpoCongress "ҰК "АҚ 8 қызметкерге 80 миллион теңге сыйақы берілген;
10. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 10 қызметкерге 80 миллион теңге сыйақы берілген;
11. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ 4 қызметкерге 60 миллион теңге сыйақы берілген;
12. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ 5 қызметкерге 52 миллион теңге сыйақы берілген;
13. «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК АҚ 8 қызметкерке 50 миллион теңге сыйақы берілген;
14. «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ 4 қызметкерге 42 миллион теңге сыйақы берілген;
Айта кетейік, барлық компаниялардың жалғыз құрылтайшысы және акционері - мемлекет.
Abai.kz