Орыс өткен шекарадан қазақ неге өте алмайды?
Түркіменстаннан келе жатқан бір топ қандас Қазақ елінің шекарасынан кешелі бері өте алмай тұр. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының тұрғыны арнайы хабарласып айтты. Шекарашылар «Визаңыз дұрыс емес. Программа өзгеріп жатыр» деп техникалық себепке байланысты азаматтарды өткізе алмай жатқанын айтады.
Алайда олардың туыстары шекарашылардың бұл сөзіне сенбей отыр. Жаңаөзендік азамат ми қайнататын ыстықта адамдарды шекарада ұстап тұру ақылға сыймайды деген пікірде.
Ақылға сыймайды демекші Ресейден келіп жатқан орыстарға еліміздің шекарасы айқара ашық. Ресей Украинаға басып кіргелі елімізге мыңдаған орыс келіп, емін-еркін өмір сүріп жатыр. Жат жұртқа құшағын айқара ашатын Ақорда өз ағайынына келгенде неге тарылды? Қызық.
ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл мәселеден хабардар ма? Хабардар болса неге азаматтарды елге өткізбей отыр? Жоқ әлде билікке қазақтан гөрі орыс қымбат па?
Серік Жолдасбай
Abai.kz