Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
2547 1 пікір 21 Шілде, 2022 сағат 15:01

Қырғызстан мен Ресей рубльмен есептесуге келісті

Қырғызстан мен Ресей толықтай рубльмен есептесуге келісті. Бұл туралы 20 шілдеде қырғыз экономика министрі Данияр Амангелдиев хабарлады.

Оның айтуынша, Ресейдің SWIFT халықаралық банк жүйесінен ажыратылуына байланысты осындай шешім қабылданған.

"Толықтай рубльмен есептесуге көштік деп айтуға болады. Ресей SWIFT жүйесінен ажыратылғандықтан, басқа валютамен есептесу мүмкін болмай қалды", - деді қырғыз министрі.

Бұның алдында Қырғызстан мен Ресей газ бен жанармай есебін доллармен жүргізіп келген.

Ресей Украинаға басып кірген соң Батыс елдері Ресейге доллар мен евро кіргізуге тыйым салып, Ресейдің доллар мен еврода сақталған резервтерін бұғаттады. Бұған қоса ресейлік банктер SWIFT жүйесінен ажыратылды, соған байланысты шетел валютасымен есептесу қиындап кетті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739