Дүйсенбі, 27 Қазан 2025
2322 0 пікір 22 Шілде, 2022 сағат 13:27

Қайрат Құдайбергеннен коронавирус анықталды

Қайрат Құдайбергеннің коронавирусқа тапсырған сынамасы оның КВИ жұқтырғанын көрсетті. Бір күн бұрын Құдайберген өзін нашар сезінген, сырқат белгілері COVID-19-ға ұқсас болған. Бұл туралы оның адвокаты Мұрат Әмитов мәлім етті. Адвокат бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш берді.

"Тергеу соты сотқа дейінгі тергеу органының Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырып, прокурорға тиісті медициналық бақылауды қамтамасыз етуді міндеттеді. Прокурорлар қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз, бірақ алда демалыс екені қорқытады, олар мұны келесі аптаға қалдырады", – деді Әмитов.

Ол тергеу сотының шешіміне апелляциялық шағым берілетінін атап өтті. Әмитов бұл аурудың өте қауіпті екенін, Қайрат Құдайбергенге медициналық мекемеде тиісті көмек көрсету керегін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1146
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10585