Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3107 0 пікір 25 Шілде, 2022 сағат 13:14

Қырғызстан Қазақстанға не себепті су бергенін түсіндірді

Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Жаныбеков Азаттықтың Қырғыз қызметіне Қазақстанға су жіберілгені туралы мәліметті түсіндірді. Министрдің мәлімдеуінше, көрші елге жіберілген су көлемі бұған дейін бекітілген келісім талаптарына сай келеді.

Су ресурстары қызметі директорының орынбасары Абдыбай Жайлообаевтың айтуынша, Қырғызстан тауар алмасы туралы келісімде көрсетілген міндеттерін орындады, бірақ көрші елге құжатта көрсетілген көлемнен артық су берілген жоқ.

"Былтыр Тоқтағұл қоймасында су тапшы болғандықтан Энергетика министрлігі Қазақстанмен 900 млн кВт/с электр қуатын алу жөнінде келісім жасады, біз оны үш жылда – 300 миллионнан қайтарамыз. Осы 300 млн кВт/с электр қуатын алу үшін қоймадан 330 млн текшеметр су ағады, өйткені біз онсыз қуат өндіре алмаймыз", - дейді Жайлообаев.

Бұның алдында қазақстандық ақпарат құралдары Қырғызстан Қазақстанда 330 млн текшеметр су жіберетінін жазған. Мәліметті журналистерге Қазақстан экология, геологиия және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев берген.

Қырғызстан бір жылда шамамен 15 млрд кВт/с электр қуатын тұтынады. Тоқтағұл қоймасындағы суды үнемдеу мақсатында қырғыз үкіметі былтыр Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстаннан 2 млрд киловатт-сағат электр қуатын алған. Сол кезде билік тұрғындарды электр қуатын үнемдеуге шақырған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 951
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2447
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 654
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 637