Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2579 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 13:50

Оқушылардың еңбегін қанағандар жауапқа тартылды

Ақсу аудандық прокуратурасы әлеуметтік-экокномикалық саладаға заңдардың қолданылуы мен азаматтардың констиутциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына байлынысты көптеген тексерулер жүргізіп, 186 заңсыздықтың бетін ашып, ұсыныстар жасап, наразылықтар келтіріп, заңсыздықтарға жол берген 184 тұлғаның жазаға тартылуына ықпал етті. Осы жұмыстар барысында 96 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалып, 3 801 814 теңге  өндірілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның орындалуына жүргізілген тексерулер нәтижесінде заңсыздықтарды жою жөнінде жеті ұсыныс жасалып, сегіз лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке шақырылып, 1 наразылық пен 1 талап-арыз қанағаттандырылды.

Ақсу ауылындағы Мамания орта мектебінің 5-9 сынып оқушылары күз айларында ешқандай келісімсіз «Қабырғатал-Өнім» ЖШС-нің қант қызылшасын жинауға жұмылдырылғаны анықталды. Прокуратура араласқаннын кейін барып, күздің қарасуығында белдері қайысқан балаларды алдағы уақытта мұндай заңсыз жұмыстарға тартпау туралы ескертіліп,  олардың еңбегін заңсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды. Сонымен бірге мемлекеттік зейнетақы қорына 1,9 млн. теңгенің зейнетақы төлемдері жинақтаушы қорға аударылды. Жеке кәсіпкерлер құқын қорғауда құқық қорғаушы және бақылаушы органдар тарапынан орын алатын асыра сілтеулердің жазасыз қалмауын назарда ұстаймыз. Жалпы алғанда аудандық прокуратура мемлекет пен қоғамның басты байлығы болып саналатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының  сақталуын  қамтамасыз етуде  өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқаруда.

Болат Абаған, «Жетісу» газеті
Алматы облысы

0 пікір