Ауылдық квота: Грантты өтеу уақыты 2 жыл болмақ

Ауылдық квота бойынша ЖОО-ның бітірген жас мамандардың мемлекеттік грантты еңбекпен өтіеу мерзімі 2 жылға қысқармақ.
«Ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді», - делінген өзгеріс енгізіліп отырған құжатта.
Бұрын квота иелері грантты білім алған жерлерінде жұмыс істеу арқылы өтейтін болса, енді бұл өңірлер тізімін министрлік ұсынады.
«Азаматтардың жұмысы өтелетін өңірлер: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары», - деп айқындалған қаулыда.
Айта кетейік, қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі тиіс.
Abai.kz