Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2479 0 пікір 9 Тамыз, 2022 сағат 14:48

Түркия Украинада "Байрактар" зауытын салмақ

Түріктің Baykar компаниясы Украина жерінде "Байрактар" әскери дронын шығаратын зауыт салады. Бұл жөнінде Түркиядағы Украина елшісі Василий Боднар хабарлады.

Дипломаттың сөзінше, Baykar зауытын салу үшін жер бөлінген. Жақында Сочиде өткен Ресей мен Түркия президенттерінің кездесуі кезінде түрік лидері Режеп Ердоған Владимир Путин Baykar компаниясымен әріптестік орнатудың жолын іздеп жатыр деп мәлімдеген.

Кейін Baykar компаниясы Ресеймен әріптестік орнату мәселесін мүлдем қарамайды деді. 18 шілдеде CNN телеканалына берген сұқбат кезінде Baykar компаниясының атқарушы директоры Халук Байрактар Украина тұтастығын қолдайтынын, Ресейге ешқашан дрон сатпайтынын жеткізген.

Түрік дрондары 2021 жылдан бастап украин армиясына беріліп келеді. Бұл Мәскеудің ашуын туғызған. Нәтижесінде компания Киевке "Байрактар" сатуды құпияландырды. Baykar компаниясының иесінің бірі әрі техникалық директор Сельчук Байрактар Режеп Ердоғанның күйеу баласы болып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 982
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2513
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 687
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 658