Қырғыз үкіметінің арнайы өкілі Назирбек Борубаевтың сөзінше, келіссөз барысында әлі бекітілмеген аймақтарға қатысты тараптардың ұстанымы талқыланады.
"Шекараның 1170 шақырымы келісілді, енді қалған учаскелерге қатысты мәселелер көтеріледі. Біз осы жылы Өзбекстанмен шекара мәселесін толық аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді ол.
Келіссөз 17 тамызда аяқталады.
Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара қашықтығы 1378 шақырым. Оның 85% немесе 1170 шақырымы белгіленген. Енді қалған 15 пайызы былтыр ақпан айында келісілген болатын. Осы жолы заңдық тұрғыдан қарап, демаркациялауды бастайды.
Abai.kz