Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 4027 1 пікір 11 Тамыз, 2022 сағат 15:05

Қант тапшылығы: Архимедтің «жаңа әдісі»

Қостанайда еліміздегі етек алып кеткен қант тапшылығы проблемасын жедел әрі түпкілікті шешетін тамаша әдіс ойлап тапты. Осындағы «Тобол» (мұнда бұл атау дәл осылай аталып, жазылады) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері мен әкімдіктің қызметкерлері осынау тәтті өнімге деген тапшылықты өз мүдделеріне пайдаланып, пайда тауып қалуды көздеген көрінеді.

Олар өздерімен жақсы қарым-қатынастағы кәсіпкерлерді тұрақтандыру қорындағы қантты килосын ең төменгі баға - 420 теңгеден үлестіріп жібереді.

Ал әлгі пысықай кәсіпкерлер болса бұл тауарды өзге біреулерге осы қордан алынған өнімдерге қойылатын 10 пайыздық үстеменің орнына, оны екі есе баға сатып жіберіп, мұрты бір майлап алады. Қалталары қалыңдағаннан кейін, көңілі босады ма, кім білсін, бұл «мырзалар» әкімдік пен «Тобол» ӘКК қызметкерлеріне 100 килодан 500 килоға дейін сыйақы есебінде үлестіріпті.

Жұртқа арзан бағамен сату мақсатымен құрылған олбыстағы тұрақтандыру қорындағы қантты осылайша талан-таражға салып, әкімдік қызметкерлері мен «Тобол» корпорациясы еш қиналмастан үкіметті алдап, тегін дүниеге бір байып қалар ма еді, кім білсін, егер облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің  қызметкерлері дер кезінде қимылдап, оларды тұзаққа түсірмесе.

Ал жалпы, қарамағындағы қызметкерлерінің осындай «тапқырлық тәсілдерінен» облыс әкімі Архимед Мұқанбетовтің хабары бар ма екен? Әлде осы өңірдің жергілікті халыққа мүлдем бағынышты емес үлкен қожайыны мұндай ұсақ-түйек дүниелерге көңіл аударуға қолы да тие бермейтін шығар.

Жайберген Болатов

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445