Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Билік 3046 7 пікір 15 Тамыз, 2022 сағат 18:31

Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды

Бақыт Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды", - деп жазды Ақорда.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып Серік Жұманғарин тағайындалды. Ол бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

Бақыт Сұлтанов 2019 жылдың шілде айынан бастап сауда және интеграция министрі қызметін атқарды. 2022 жылғы қаңтарда ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі болып тағайындалған болатын.

 

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114