Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 1836 3 пікір 17 Тамыз, 2022 сағат 12:20

Елші Ерлан Ыдырысов қызметтен босатылды

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы 1959 жылы 28 сәуірде дүниеге келген. 1981 жылы КСРО СІМ Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) Халықаралық экономикалық қатынастар факультетін, 1992 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Ағылшын, хинди, урду, француз тілдерін меңгерген. Дипломатиялық дәрежесі - Төтенше және Өкілетті Елші.

Ол 1992-1995 жылдары Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.

1995-1996 жылдары Америка елдері басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі;

1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық қатынастар жөніндегі көмекшісі;

1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары;

1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Швеция және Норвегия Корольдігіндегі Елшісі, сондай-ақ Ирландия елшісі қызметін қоса атқарушы;

2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы және Бразилиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

2012-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

2017 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2017 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Исландиядағы және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып қызмет етті.

Ерлан Ыдырысов Қазақстанның сыртқы саясатына арналған бірқатар мақалалардың авторы, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік наградалардың иегері.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616