Сенбі, 23 Қараша 2024
1761 0 пікір 18 Тамыз, 2022 сағат 14:00

Түркімен белсенділерін соққыға жықты

Түркіменстандық белсенділер адвокаттардың және екі түрік құқық қорғаушының қолдауымен Түркіменстанның Стамбұлдағы консулдығына барып, президент Сердар Бердімұхамедовке ашық хат жолдауға әрекет жасады. Адам құқықтары жөніндегі түркімен Хельсинки қоры мәлімдегендей, нәтижесінде оларды дипломатиялық корпус өкілдері сабап тастаған.

"Адвокат Гүлден Сөнмез және белсенділер күзетшіден хатты беру үшін қызметкерлердің бірін шақыруды сұраған. Сол кезде алты қызметкер шығып, оларды балағаттап, сабап тастаған", - деп жазды қор.

Құқық қорғау ұйымы дипломатиялық корпус өкілдері екі әйел мен үш ер адамды сабағанын айтады. Белсенді Атамурад Сапаров басынан ауыр жарақат алып, дәрігерге қаралған.

Түркімен мигранттарына құқықтық көмек берген түрік адвокаты Гүлден Сөнмез шілдеде Стамбұлдың Чаглаян сотына Түркіменстан билігіне, оның ішінде бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовке қарсы қылмыстық іс қозғау бойынша шағым тапсырған.

Түркияда тұратын түркіменстандықтар көп жылдардан бері мерзімі өтіп кеткен төлқұжаттарын жаңарта алмай, соның салдарынан Түркияда заңсыз жүруге мәжбүр. Ондағы түркімен консулдығы төлқұжаттарын жаңартудан бас тартып келеді.

Түркия билігінің ресми мәліметі бойынша, өлкеде жүз мыңға жуық түркіменстандық бар. Бірақ олардың көбінің құжаттарының мерзімі өтіп кеткендіктен, нақты санын айту қиын. Түркіменстан билігі болса, миграция бойынша ешқандай мәлімет жарияламайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435