Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
3247 0 пікір 19 Тамыз, 2022 сағат 13:33

Оқушылар мектепке аптасына бес күн барады

Қыркүйектен бастап бүкіл мектеп 5 күндік оқу аптасына көшеді. Бұл туралы Оқу-ағарту  министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Үш ауысымдық мектептерді қоспағанда, барлығы 5 күндік жұмыс форматына ауысады. Бұл мектеп директорларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерге қатысты. Біз мұғалімдер сенбі күні демалуға тиіс деп санаймыз. Олар өз балаларының қасында болуы керек»,- деді Асхат Аймағамбетов.

Министр бұл өзгеріс ұстаздардың еңбек демалысына әсер етпейтінін атап өтті. 56 күн өзгеріссіз қалады.  Сондай-ақ ол сенбі күні мұғалімдерді мектепке шақыртып алуды тоқтату керек екенін атап өтті.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 922