«Самұрық-Қазына» «Мектепке жол» акциясын бастады
Жаңа оқу жылының қарсаңында, 12 000 болашақ оқушы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қажетті кеңсе заттары бар алғашқы мектеп қоржындарын алады.
Көмекпен жергілікті атқарушы органдар ұсынған тізімдер бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар қамтылатын болады.
Жобаның бюджеті 185 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта мектеп заттарын жеткізу аяқталып, сыйлық жиынтықтары тапсыруға дайын тұр. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Мектепке жол» акциясы 19 тамызда басталып, 1 қыркүйекте аяқталады.
Сыйлық жиынтықтарын жеткізу және тарату Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Павлодар және Абай облыстарында «Самұрық-Қазына» АҚ тобы кәсіпорындарының волонтерлері мен қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылатын болады.
Қор үшін өскелең ұрпаққа, әсіресе өңірлерде жағдай жасауға және көмек көрсетуге байланысты мәселелер басым болып табылады.
Abai.kz