Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Пікір 3670 7 пікір 24 Тамыз, 2022 сағат 16:46

Болат Назарбаев! Бұраудың да сұрауы бар

Біз өткендегі "ығай мен сығайлардың" жемқорлық, протекция істерінен де сабақ алуымыз керек.

Болат Назарбаев деген азамат өткен кезеңде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59- жер телімі, объект алған. Сол кісінің фамилиясына берілген.

Бұл жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады.

Ал, цифрлық даму министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2 млн-нан астам азаматтар 10 сотық жер ала алмай телміріп жүр.

Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік?

Конституциядағы теңдік принциптері қайда?

Осындай әлеуметтік диспропорция халықтың ызасын туғызады.

Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады.

Партиялық Кеңес аппаратында осы мәселенмен терең айналысуға тапсырма беремін!

"Жер-Аманат" комиссиясымен бірге істеу қажет.

Ерлан Сайыров

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 888
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2305
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 592
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 576