Жұма, 22 Қараша 2024
2170 2 пікір 26 Тамыз, 2022 сағат 13:01

Ресей Украинаға жүздеген кассеталы бомба лақтырған

Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері жүздеген кассеталы бомба лақтырған. Бұл жөнінде  Cluster Munition Coalition ұйымының кезекті баяндамасында айтылған. 

Бұл бомбадан 200 бейбіт тұрғын қайтыс болып, 500-і түрлі жарақат алған.

1 шілдеге қарай Ресей Украинаның он аймағын кассеталы бомбамен соққылаған. Украина армиясы болса кемінде үш рет - Донецк, Харьков және Херсон облыстарын кассеталы бомбамен орыс армиясына қарсы атқылаған.

Кассеталы снарядар дегеніміз - ұшқан кезде бөлшектерге бөлініп, кең аумаққа таралады. Кейде бұл жарылмай қалып, түскен жерін миналап тастайды. Бұл жергілікті тұрғындар, әсіресе балалар үшін өте қауіпті.

2010 жылдан бері кассеталы оқ-дәрілерге тыйым салу Конвенциясы жұмыс істейді. Бұл келісімге әлемнің 100-ден астам мемлекеті қол қойған. Бірақ олардың арасында Ресей мен Украина жоқ.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276