Сенбі, 23 Қараша 2024
1865 0 пікір 3 Қыркүйек, 2022 сағат 23:12

Қостанайдағы өртке байланысты жедел желі ашылды

Қостанай облысындағы табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж халық ТЖД ашылған жедел желі телефонына хабарласуына болады Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды.

ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24 жедел желі ашылды, психологтарының жұмысы ұйымдастырылды . Сонымен қатар көмекке мұқтаж азаматтар 112 немесе 101 телефондарына хабарласуына болады.

Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда.

"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес азаматтар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан бүлінуіне немесе жойылуына байланысты нұқсанды өтеуді талап етуге құқылы.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354