Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3413 0 пікір 27 Желтоқсан, 2012 сағат 07:34

Бектұрған Әубәкірұлы. Тәуелсіздіктің жаңа логикасы

Қазақстанның жиырма бір жылдық тәуелсіздік тарихы жаңа тарихи дәуірде толыққанды тәуелсіздікке қалай қол жеткізудің жолын көрсетті. Дәстүрлі  тәуелсіздік жөніндегі түсінік мемлекеттің тәуелсіздік жариялап, ән ұраны мен мемлекет туын, мемлекет шекарасын белгілеумен ғана санасатын. Жиырма бір жылдық болмыс жаңа тарихи дәуірдегі толыққанды тәуелсіздіктің жаңа логикасы бар екенін ұқтырды.Толыққанды тәуелсіздік саяси символдық сипат алған тәуелсіздік, экономикалық тәуелсіздік,  сана тәуелсіздігі сынды үш фактордан қалыптасады. Тәуелсіздіктің жаңа логикасы бойынша, саяси символдық сипат алған тәуелсіздік - тәуелсіздіктің қажетті шарты болып табылса, экономикалық тәуелсіздік ол тәуелсіздіктің толық жеткілікті шарты болмақ. Ал сана тәуелсіздігі тәуелсіздіктің ең жетер биігі һәм толыққанды тәуелсіздіктің белгісі. Әрине, қажетті шарт орындалмаса нәтиже болмайтыны анық. Алайда толық жеткілікті шарт орындалғанда нәтиженің болмауы мүмкін емес.

Толыққанды тәуелсіздіктің жаңа логикасын жаңа тарихи дәуірдегі Қазақстанның іс жүзінде орын алған жағдайы тудырып отыр. Жаңа тарихи дәуірдің басты ерекшелігі ретінде мемлекеттер арасындағы экономикалық ауыс -күйістің  күшейіп әрі  ғаламдасу үрдісінің белең алуын айтсақ болады. Бұл көзі ашық, көкірегі ояу саналы оқырманға аян жай. Мұндай жағдайда әрбір мемлекеттің ғаламдық экономикалық ауыс-күйіске белсене араласпай дами алмайтындығы түсінікті. Осындай жаңа тарихи дәуірде тәуелсіздігін жариялаған, отарлықтың табы өтіп, санасы уланған, мемлекетқұрушы ұлттың ана тілі жойылуға аз қалып, өндіріс ошақтары тұралаған Қазақстанның тарихи дамуы толыққанды тәуелсіздіктің жаңа логикасы бойынша жүруге мәжбүр болды. Бұл елбасының салиқалы сара саясатының логикалық негізі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халықтың құрсағын аш қалдырмаудың қамында болдық. Енді ғана отандық өнімдерге  басымдылық беріп, ие экономиканы дамытуға бел шешіп білек сыбана кірістік. Осындай жағдайда қазіргі мемлекет аралық экономикалық ауыс-күйістің  ең дамыған үлгісі болып саналатын өзара тең бәсекелестікті тудыру арқылы экономиканы дамытатын мемлекет ара экономикалық ұиым құру қазақстанның ие экономикасын дамытуға қандай ықпал етеді?Қатігез нарық бәсекесі отандық өнімдерімізді бесігінде тұншықтырып кетпейма?

Бұл толыққанды тәуелсіздікті қалыптастырудың толық қажетті шартын қалыптастыруға саятын қоламталы саяси мәселе.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жаңа Жолдауында Қазақстанның болашағы қазақ тілінде,тілге құрмет елдікке құрмет,Қазақ тілі Қазақстанда салтанат құрғанда Қазақстанді« Қазақ елі» деп атаитын боламіз деген елбасы сөзі болашақ үшін күрес әлі де тәуелсіздік үшін күрес екенін түсіндіреді. Тіл  тәуелсіздігі - сана тәуелсіздігінің айқын көрінісі. Қазақстан жаңа бір тарихи дәуірге аяқ басты. Демек, біздің тәуелсіздік үшін күресіміз де жаңа бір кезеңге өтті. Шын мәніндегі тәуелсіздік үшін күрес енді басталады. Бұл күрес - күрестердің ұлысы.       Толыққанды тәуелсіздік туралы бұл түсінік тәуелсіздікті ту мен ән ұранға ғана балап, барлығын белден басып, бірден іске асыра қоймақшы болғандар мен тәуелсіздікті неден алатындығын сезгісі келмейтін иіс алмастардың санасын сілкитін ортақ түсінікке айналса деп тілеймін.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554