Қыркүйек айының басында АҚШ қаржы министрлігі Ресей мен Беларусь санкциялардан айналып өтіп, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан елдері арқылы тауарларын басқа мемлекеттерге жеткізіп жатуы мүмкін деп мәлімдеген.
Ташкенттегі Америка елшісі Дэниел Розенблюм Alter Ego жобасына берген сұқбатында аталған тізімде Ресеймен іскер қарым-қатынастағы барлық елдер бар деді.
"Бұл айыптау немесе дәлелдеу емес. Тек қауіп екенін ескерттік", - дейді елші.
Елшінің айтуынша, Өзбекстан үкіметі компаниялары екінші рет санкцияға түспеу үшін, Ресейге қарсы салынған барлық тыйымдарды сақтаймыз деген ойын ашық айтқан.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді де еліміз Ресейге қарсы санкциялардан айналып өтуші ретінде қолданылмауы керек дегенді айтқан.
Abai.kz