Сенбі, 23 Қараша 2024
1712 5 пікір 8 Қыркүйек, 2022 сағат 13:10

Ердоған Батыс елдерін айыптады

Түркия президенті Режеп Ердоған Батыс елдерінің Ресей қатысты саясаты "арандату әрекетіне негізделген" деп есептейді.

Ердоған бұл мәлімдемесін Белградта сапарда жүрген уақытта жасады. Ол Сербия президенті Александр Вучичпен келіссөз жүргізді. Белград Сербияның одақтасы саналатын Ресей мен Еуроодақ арасында бейтарап саясат жүргізеді.

Режеп Ердоған призвал "Ресейді бағаламауға болмайтынын" ескертіп, Түркия Ресей мен Украина жанжалында "салмақты бағытты" ұстанатынын айтты.

Түркия НАТО құрамына кіреді. Солтүстік альянс екі елдің жанжалында Украинаны қолдап, Ресейдің көрші мемлекетке басып кіруін сынайды. Ердоғанның өзі де Қырымды халықаралық қауымдастық мойындаған Украина аумағы деп санайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген. Дегенмен Түркия Ресейге қарсы санкция салудан бас тартты. Ресей мен Украина арасында соғыс жүріп жатқан уақытта Режеп Ердоған Владимир Путинмен де, Владимир Зеленскиймен де бірнеше рет кездесті.

Стамбұлда көктемде Ресей мен Украина делегациялары арасында келіссөз өтті, бірақ сәтсіз аяқталды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408