Сенбі, 23 Қараша 2024
1442 0 пікір 13 Қыркүйек, 2022 сағат 13:21

Қазақстандық әуе компанияларына ірі көлемдегі айыпұл салынды

Рейстерді кешіктірген, жолаушылардың құқықтарын бұзған авиатасымалдаушылар жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметі хабарлады.

6 қыркүйекте  «Air Astana” әуе компаниясына рейсті кешіктіру кезінде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

16 шілдеде «Air Astana” әуе компаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша КС-853 рейсі резервтік ұшу экипажын күту себебінен 27 сағат 21 минутқа кешіктірілді. Рейс кешіккен уақытта әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үймен қамтамасыз етпеген.

Шілде айынан бастап "«Air Astana” " әуе компаниясына (құрылымдық бөлімшесі Fly Arystan әуе компаниясы болып табылады) 7 000 АЕК (21 441 000 теңге) сомасына 7 рет айыппұл салынды.

Осы уақытта қазақстандық әуе компаниялар 8 000 АЕК (24 504 000 теңге) сомасына 8 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499