Қақтығыс: 50 әзербайжан сарбазы қаза тапты
50 әзербайжандық жауынгер (сегіз шекарашы және қарулы күштердің 42 әскери қызметкері) Армениямен шекарадағы атыста қаза болды, деп хабарлады Әзербайжан қорғаныс министрлігі.
Бұның алдында Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжанмен шекарадағы атыста армян жағынан кем дегенде 49 адам мерт болғанын мәлімдеген. "Өкінішке қарай, қара тізім әлі толық емес", - деген Пашинян.
13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзербайжан шекарасындағы жағдай ушығып кетті. Армения қорғаныс министрлігі шекара маңындағы Сотк, Варденис, Горис, Капан, Артаниш және Ишханасар қалаларын Әзербайжан жағы атқылады деп мәлімдеді. Әзербайжан әскері қашықтан басқарылатын ұшу аппараттары мен минометтер пайдаланды, азаматтық нысандарға соққы жасалды деп хабарланды.
Abai.kz