Елорда мәслихаты Астана атауын қолдайды
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтіп, елордаға Астана атауын қайтару мәселесі талқыланды. Жиынға барлығы 31 депутаттың 25-і қатысқан.
Сессия қорытындысы бойынша депутаттар ұсынысты қолдап, шешім қабылдады. Енді құжат Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.
«Әлемдік тәжірибеде ел астаналарының бұрынғы атауларын қайтарған жағдайлар бар. Қазір біз Жаңа Қазақстанға аяқ басып жатқанда, елорданың жаңа атауы – бұл символикалық мәнге ие болады. Жергілікті тұрғын ретінде мен бас қаламызға Астана атауын қайтаруды қолдаймын. Оны тек Қазақстанда ғана емес, барша әлем біледі. Бұл – танымал бренд», - деді маслихат депутаты Асқар Смағұлов.
Бұған дейін мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов бұл процесс бірнеше кезеңнен өтетінін айтқан болатын.
Сонымен қатар, мәслихат хатшысы елорда атауын өзгертуге қатысты шығындарға түсінік берген еді. Оның айтуынша, цифрлық құжат айналымына көшіп жатқанымызға байланысты шығын аз болады.
Abai.kz