Сенбі, 23 Қараша 2024
1504 3 пікір 21 Қыркүйек, 2022 сағат 13:21

Алматыда қарақалпақ белсенділері қамалуда

Қарақалпақстандағы оқиғаға байланысты Алматыда ұсталған қарақалпақ белсенділері Қошқарбай Төремұратов, Жангелді Жақсымбетов және Раиса Құдайбергеноваға Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу соты мен Іле аудандық соты 40 күнге қамау жөнінде бұлтартпау шарасын белгілеген.

Бұл туралы қарақалпақ диаспорасының өкілі, белсенді Ақылбек Мұратбай хабарлады.

"Өткен сейсенбіде болған ұстаулардан кейін ертесіне Жангелді Жақсымбетовті қамау мерзімі 40 күнге ұзарды. Одан кейін бейсенбіде Қошқарбай Төремұратовты қамау мерзімі 40 қырық күнге ұзарды. Қазір олар Си-18 тергеу изоляторында отыр. Жұма күні Іле ауданында ұсталған Райса Құдайбергенованы да 40 күн қамауда ұстау шарасымен Қонаев қаласындағы тергеу изоляторына апарған", – дейді Ақылбек Мұратбай.

Белсендінің сөзінше, 55 жастағы Раиса Құдайбергенованың 2 дәрежелі мүгедектігі бар. Изоляторда жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырылған. Мұны Азаттыққа белсендінің қызы Гүлшат Сатарниязова да растады. Қазір Құдайбергенованың денсаулығы қалай екені белгісіз. Адвокаты пікір беруден бас тартты. Алматы облысы полиция департаменті түсініктеме бермеді.

Қарақалпақ белсенділері 13 қыркүйектен бастап ұстала бастады. Кей ақпаратқа қарағанда, белсенділер Өзбекстанда қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша күдікті деп танылып, іздеу жарияланған. Олардың үстінен "конституциялық құрылысқа нұқсан келтіру" (159-бап) және "қоғам тәртібіне қауіп төндіретін материалдар әзірлеу" (244-1 бап) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл жөнінде Алматы қаласы мен Алматы облысы полиция департаменттерінен ақпарат алу мүмкін болмады.

Қарақалпақ диаспорасының өкілдері олар қазанда өтетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) адам құқықтары жөнінде отырысына байланысты тұтқындалды деп есептейді.

Норвегияға саяси баспана іздеп көшкен белсенді, "Алға, Қарақалпақстан" ұйымының жетекшісі Аман Сағидолланың сөзінше, Қошқарбай Төремұратов сонда барып, Қарақалпақстанда шілдеде болған оқиға жөнінде сөз сөйлемек болған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417