Мәулен Әшімбаев ресейліктерге қатысты пікір білдірді
Қазақстан Республикасы парламенті сенатының кулуарында палата спикері Мәулен Әшімбаев биыл Қазақстанға келетін ресейліктер санының артуына қатысты пікір білдірді. Сенат спикерінің айтуынша, биыл Қазақстанға аздаған ресейлік келуі мүмкін.
"Аз ғана ресейлік келіп тұруға рұқсат сұрай алады. Егер орыстар бізге келгісі келсе, содан кейін қайсыбір шаруамен осында біраз уақытқа қалғысы келсе, мұнда ешқандай мәселе туындамауы керек, біз шектей алмаймыз. Ал тұруға рұқсатқа келетін болсақ, мынаны айтқым келеді: Бұл мәселені реттейтін тиісті заңдар бар. Жалпы ең басты мәселе Ресей Федерациясындағы ішінара мобилизациялау болып тұрғаны белгілі. Бұл біздің көршіміз, біз үшін маңызды ел. Әрине, қазақстандықтар бұл үдерістерді бақылап отыр. Парламент сенатының спикері ретінде өзге елдің ішінде болып жатқан процестерге баға беруім дұрыс емес деп айтқым келеді", - дейді Мәулен Әшімбаев.
Ресей азаматы Қазақстанның мемлекеттік органдарына барып, тұруға ықтиярхат сұраса, оған сәйкес әзірленуі керек құжаттар тізімі бар екенін де атап өтті.
Abai.kz