Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
2672 1 пікір 26 Қыркүйек, 2022 сағат 14:35

Ресейге қарсы санкциялар күшейеді

Ирландия Балтық жағалауы елдері мен Польшаға қосылып, Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді ұсынды. Олар Ресейге смартфондар, радар жабдықтары, лазерлік құрылғылар шығаруды тоқтату, ақпараттық технологиялық қызметтер көрсетуді тоқтату, гауһар тастар экспорты мен импортына шектеу қою мәселесін талқылады.

Ұсыныста, Ресейлік несиелік ұйымдар Газпромбанк, Альфа-банк, Росбанк және Тинкофф-банк SWIFT халықаралық банкаралық ақпарат беру жүйесінен ажыратылуы керек делінген.

"Егер бағалы гауһар тастар Ресейден әкелінген болса не болмаса Ресейде Еуропалық Одаққа кез-келген үшінші ел арқылы экспортталса, олардан тікелей немесе жанама түрде сатып алуға, импорттауға немесе экспорттауға тыйым салынады».

Айта кетейік, Ресейдің экспортқа шығаратын гауһар тастары жылына 4 миллиард еуро пайда әкеледі.

Сондай-ақ, мемлекеттер тобы "Ресеймен ядролық энергетика саласында ынтымақтастыққа тыйым салуға", Еуропалық Одақтың немесе АҚШ-тың қолма-қол ақшаларын Ресейге аудармауға және ресейліктерге жылжымайтын мүлік сатпауға шақырды.

Олар Еуропалық Одақ елдерінде тіркелген Ресей қаржыландыратын лоббистік фирмалардың, үкіметтік емес ұйымдардың және аналитикалық орталықтардың ресейлік ақшаға жұмыс істеуін тоқтатуды көздейді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1138
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2666
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 784
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 753