Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3423 8 пікір 30 Қыркүйек, 2022 сағат 13:45

Тоқаев қол қойды: мерекелер өзгерісі

Қазақстанда 1 желтоқсанда тойланатын тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Бұған қоса, 25 қазан Республика күні қайтарылып, ұлттық мереке статусы берілді. 29 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған өзгерістерге қол қойды.

Қазақстанда тұңғыш президент күні 2011 жылдан бері атап өтіліп келген. Депутаттар бұл датаны елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "мемлекет алдындағы еңбегін таныту мақсатында" мемлекеттік мереке деп жариялаған еді.

Ал 1990 жылғы 25 қазанда егемендік декларациясы жарияланған күн елде 2009 жылға дейін "Республика күні" ретінде аталып келген еді. Кейін бұл мереке қоғам қарсылығына қарамастан күнтізбеден алынған.

Ресми дерек бойынша 238 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасынан соң экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке ықпалы әлсіреп, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі күшейді. Содан бері елде "Назарбаев атауларынан арылу" тенденциясы байқалады. Қыркүйек ортасында Қазақстан астанасы "Нұр-Сұлтан" атауын өзгертіп, Астана боп бұрынғыша атала бастады.

Abai.kz

 

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036